365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 51 жастағы ер адам тірідей жанып кетті

  • 88
  • UPD: 14:52, 09.10.2018
ШҚО-да 51 жастағы ер адам тірідей жанып кетті RZN.info

Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Серебрянск қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен шыққан өртте 51 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқару жасағының қызметкерлері жеткенге дейін лапылдаған от үйдің шатырына дейін шарпып үлгерген екен. Олар қызыл жалынды бір жарым сағатта әрең дегенде ауыздықтаған. Тілсіз жау жалмаған аумақ 110 шаршы метрді құрайды.

Мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтамау себебінен осындай жағдай орын алуы мүмкін деген болжам жасауда. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы