386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында өрт салдарынан үш отбасы баспанасыз қалды

  • 383
  • UPD: 12:52, 12.11.2018
Қостанай облысында өрт салдарынан үш отбасы баспанасыз қалды like.sumy.ua

Ұзынкөл ауданы Ершов ауылында төрт пәтерлі үй өртеніп кетті. Қызыл жалын 75 шаршы метр аумақты қамтыған.

Өрт кеше сағат 22:40-те басталып, таңғы 03:20-да толық сөндірілді деп хабарлайды облыстық ТЖД қызметі. Қазір оқыс оқиғаның себебі және келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталып жатыр. Үйдің тұрғындары туыстары мен көршілерінің баспаналарына уақытша көшірілді.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы