384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 30 жастағы әйелді пойыз қағып кетті

  • 410
  • UPD: 11:38, 13.11.2018
Оралда 30 жастағы әйелді пойыз қағып кетті Baq.kz

Оралда жолаушылар пойызы шамамен 30 жастағы келіншекті қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін таңертең Желаев жолы, 4-шағынаудан маңында болған.

«Жедел жәрдем сағат 08.17-де шақыртылды. Бригада оқиға орнына үш минуттан кейін барған. Алдын ала мәлімет бойынша бас пен мидың ашық жарақатын алған әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта нейрохирург қарап жатыр», деді А.Сақпосынова. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы