384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау маңында жол апатынан 2 әйел қаза тапты

  • 654
  • UPD: 10:35, 09.12.2018
Ақтау маңында жол апатынан 2 әйел қаза тапты

Ақтау маңындағы Баянды ауылының сыртында жантүршігерлік жол апаты болды.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Азамат Сәрсенбаев мәлімдеген.

Апат 8 желтоқсан күні 9:00 шамасында болған. Оқыс оқиға салдарынан екі әйел опат болды. «Әйелдер оқиға орнында қаза тапқан. Екі бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Тағы үш адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді Азамат Сәрсенбаев.

lada.kz

Хабар 24 телеарнасы