389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жол ережесін бұзғандар ұсталды

  • 630
  • UPD: 11:48, 12.12.2018

Шымкенттік полицейлер қаланың қақ ортасындағы Қонаев даңғылында қарсы бағытқа шығып жүйткіген көлік иесін анықтап, оған әкімшілік хаттама толтырды.

Бұл туралы шаһардың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Естеріңізге сала кетейік, «БМВ» маркалы автокөлігінің өрескел ереже бұзып бара жатқаны туралы кезекті бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын. Тәртіп сақшылары қарама-қарсы бағытқа шығу секілді жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласында өртенген мешіттегі Құран Кәрім мен діни әдебиеттер күймеген. Қызыл жалын ғибадатхананы түгел жалмаса да, қасиетті кітап пен сауат ашу оқулықтарына от тимеген. Олардың шеттері ғана жанған. Оқыс оқиға кешкі уақытта болған. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаумен күресуге 3 техника мен 16 адам жұмылдырылды. Қазір өрттің себеп – салдары анықталып жатыр. 

Ақмола облысында тауық еті өнімдерінен ішек таяқшасы табылды. Бұл туралы облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаменті хабарлады. Өнім Ресейден әкелінген екен. Қазір олар сатылымнан алынып тасталды. Сондай-ақ мониторинг барысында кейбір шұжық өнімдерінің де талапқа сай келмейтіні анықталған. Айта кетейік, жалпы облыс бойынша жыл басынан бері құжатсыз және мерзімі өтіп кеткен өнімдерді саудалаған 38 кәсіпкер жауапкершілікке тартылып, оларға 889 мың теңге айыппұл салынған. Ал айналымнан 142 келіден астам қауіпті өнім алынды.

Әділбек Дәулетбек, облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаментінің бөлім жетекшісі

- Мерзімі өткен шұжық өнімдерін сатқан кәсіпкерге 24 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, жоспардан тыс тексеріс жарияланды. Қалған саудагерлер де жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы