378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда әйел бес жасар қызын өлтірді деп айыпталуда

  • 293
  • UPD: 15:01, 19.12.2018
Оралда әйел бес жасар қызын өлтірді деп айыпталуда inform.kz

Оралда өз қызын өлтірген деп айып тағылған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотынан түскен мәліметке қарағанда, аталған әйелге ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, екі айға қамауға алынды.

Әйелге бес жасар қызын тұншықтырып өлтірген деген айып тағылуда. Мұны БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.

Қазіргі кезде осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы