378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмолада үсіп қалған ер адамның мәйіті табылды

  • 309
  • UPD: 14:23, 20.12.2018
Ақмолада үсіп қалған ер адамның мәйіті табылды

Ақмола облысының Степногор қаласында үсіп қалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мəліметіне қарағанда, ер адамның мәйіті желтоқсанның 19-ынан 20-сына қараған түні Степногор қаласындағы көшелердің бірінде табылған. Алдын ала деректерге қарағанда, ер адамның жасы  40-50 жас шамасында жəне суықта қатып қалған.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ер адамның аты-жөні анықталуда», – деп түсіндірді ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы