378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында Сырдарияның қорғаныс бөгеті жарылды

  • 475
  • UPD: 22:45, 25.12.2018

Қызылорда облысы Қазалы ауданы тұсында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеті жарылып кетті.

Соның салдарынан дарияның ескі арнасынан су ақты. Аталмыш оқиға бойынша Қазалы ауданы әкімінің төрағалығымен шұғыл түрде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. «Комиссия отырысы барысында атқарылатын жұмыстардың көлемі нақтыланды. Тиісті сала басшыларына міндеттер жүктелді. Осының нәтижесінде азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамы мен техникалары оқиға орнына тартылып, қалпына келтіру жұмыстары басталды», - деп хабарлайды Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалуда. Бұған 150 адам, 31 арнайы техника жұмылдырылған. Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттері Қызылорда облысы басшылығы тарапынан қатаң бақылауға алынған. Тиісті сала басшылары өзен бойындағы жағдайды жіті бақылап отыр.

Хабар 24 телеарнасы