378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы базарда жүк көлігі өртенді

  • 368
  • UPD: 19:03, 25.12.2018
Қарағанды облысындағы базарда жүк көлігі өртенді

Қарағанды облысында жүк көлігін қыздырмақ болған кезде ол өртке оранды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

«25 желтоқсан күні сағат 13:18-де Қарағандыдағы «Шығыс» базарының аумағында «MAN» маркалы жүк көлігінің 8 шаршы метрі өртенді. Өрттің салдарынан оның қасында тұрған «Volvo» және «Scania» маркалы екі жүк көлігі зақымданды. Жалын сағат 13:32-де ауыздықталып, 13:38-де толық сөндірілді. Көліктің жүргізушісі күйік шалып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, өрттің шығуына отын багын дәнекерлейтін лампамен қыздыру себеп болған. Оқиға орнына Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 25 адамы мен 5 техника бірлігі шықты.

Хабар 24 телеарнасы