375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облыстық білім басқармасының басшысы жемқорлық дерегіне қатысты ұсталды

  • 642
  • UPD: 20:45, 03.01.2019

2018 жылдың соңғы жұмыс күндері Атырау облыстық білім басқармасының басшысы мен бірнеше жауапты қызметкері жемқорлық фактісіне қатысты ұсталды.

Бұл жағдайға қатысты облыс әкімінің бірінші орынбасары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне түсінік берді. Қазіргі таңда тексеру шаралары жүріп жатқандықтан болған жағдайға әкімдік қызметкерлері толыққанды баға бере алмай отыр. Дегенмен, деректі растады. Енді осы жағдайдан кейін жуық арада әкімдікке қарасты барлық басқармаға ішкі аудиторлық тексеру жүргізілетін болады. Аудиторлар мемлекеттік сатып алу және ішкі құжаттардағы заңның сақталуын толықтай тексеріп әрі талдап шықпақ.   

Серік Шәпкенов, облыс әкімінің бірінші орынбасары: 

- Бұл кісілердің барлығының да нақты кінәлілығын болмаса басқасын тергеу қызметі мен сот органдары қояды. Мен қазір арнайы тексеру комиссиясы мен ішкі тексеру аудитын шақыртқызып отырмын. Бүкіл басқармаларды тексеріп, егер осының аясында сіздердің тараптарыңыздан жаңағыдай бір де бір өрескел заң бұзушылықтар болатын болса, онда ренжімеңіздер!

Хабар 24 телеарнасы