378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы «Астаналық» СҮ маңынан телефон ұрлығымен айналысқандар ұсталды

  • 396
  • UPD: 18:25, 12.01.2019
Елордадағы «Астаналық» СҮ маңынан телефон ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Елорданың полициясы «Астаналық» сауда үйі мен оның маңындағы телефон сататын және жөндейтін сауда орындарын аралады.

«Стоп, қылмыс» жедел іздестіру іс-шарасы ұялы телефон, планшет, ноутбук секілді гаджеттерді ұрлау қылмыстарының алдын алу және оны ашу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді. Қалада департамент полицейлерінен 70 мобильді топ құрылды. Олар ұялы телефон сатып алатын, сататын және жөндейтін нүктелерді аралап шықты. Барлығы 144 сауда орыны тексерілсе, оның ішінде телефон жөндейтін 75 шеберхана бар. «Стоп, қылмыс» жедел іздестіру іс-шарасының нәтижесінде тиісті құжаты жоқ 900 гаджет пен оларды жөндеуге арналған қосалқы бөлшек алынды.   

Іс-шара барысында полицейлер ұялы телефон ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні қолға түсірді. Олар бұрын да осындай қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған. Оның ішінде 31 жастағы жергілікті әйел де бар. Ол «Huawei» маркалы смартфонды ұрлағаны үшін күдікке ілінді. Осы аталған телефон ұрыларының әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, Астана қалалық полиция департаментіне немесе мына телефондарға хабарласуына болады: 8 (7172) 716171, 716247 немесе 102.

Хабар 24 телеарнасы