375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында ірі көлемде ұрлық жасаған қылмыскерлер ұсталды

  • 262
  • UPD: 13:00, 29.01.2019
Алматы облысында ірі көлемде ұрлық жасаған қылмыскерлер ұсталды Azh.kz

Алматы облысының полицейлері әккі ұрылардан құралған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел іс-шара нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қайназар ауылында жасалған кезекті ұрлықтан шығып, бой тасалауға тырысқан 4 қылмыскер қолға түсті. Олар мінген автокөліктен Қайназар ауылындағы үйден қолды болған зергерлік бұйымдар, аңшы мылтығы, ұлттық және шетелдік валютадағы ақша, бетперде, қолғап және ұрлыққа арналған түрлі құрал-сайман табылып, тәркіленді. Тергеу барысында күдіктілердің бірінің кісі өлімі мен ұрлық үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталса, екіншісінің әртүрлі қылмыс жасағаны үшін жеті рет сотталып, өмірінің 20 жылын темір тордың арғы жағында өткізген әккі қылмыскер екені белгілі болды. Қазір осы іске қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес «Ірi мөлшерде жасалған ұрлық» деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Еңбекшіқазақ ауданы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Серік Үпиев, облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

Аталған азаматтар облыс аумағында орын алған өзгенің мүлкін ұрлаудың көптеген деректеріне қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта олардың зардап шегушілерге миллиондаған теңге шығын алып келген Есік қаласы мен Қайназар, Еңбек және Ават ауылдарында тіркелген 15-тен астам ұрлыққа қатысы бары дәлелденіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы