378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде 9 қабатты үйден өрт шықты

  • 418
  • UPD: 16:23, 01.02.2019
Өскеменде 9 қабатты үйден өрт шықты kk.wikipedia.org

Б.Гагарин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден өрт сөндірушілер 56 адамды қауіпсіз жерге жеткізген.

Тілсіз жау электр қалқандары бөлшектерінен тұтанған болып шықты. Сондықтан көпқабатты үйді толық көк түтін басып кеткен. Сақтық үшін үй тұтас электр желісінен ажыратылды. 10 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндіріліп, тұрғындар пәтерлеріне оралды. Жалын өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шықты деген болжам жасалуда.

Хабар 24 телеарнасы