378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында қақаған аязда жолға шыққан 16 жолаушы құтқарылды

  • 225
  • UPD: 10:57, 06.02.2019
Павлодар облысында қақаған аязда жолға шыққан 16 жолаушы құтқарылды pavlodarnews.kz

Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінің жанында Toyota Caldina автокөлігінің жолаушылары 5 ақпан күні сағат 22.50-де жылыту пунктіне жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұдан басқа, сағат 23.30-те кезекшілік бөліміне Железин ауданының Железин ауылында Mercedes-Benz Sprinter маркалы автобус №1 мектеп интернатындағы жылыту пунктіне жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Омбы-Павлодар бағытында жолға шыққан көлікте 12 адам болған. Оның төртеуі – Ресей Федерациясының азаматтары.

Айта кетерлігі, кеше республикалық маңызы бар және облыстық жолдардың жабылуына байланысты барлық бағытта дизельді және қоғамдық көліктерге шектеу қойылған.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бүгін түнде өңірде желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді. Температура бағаны – 30 градусқа дейін көрсетуіне байланысты 1-9 сыныптарда сабақтар өткізілмейді.

Хабар 24 телеарнасы