378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте ерлі-зайыптыларды өз үйінде өлтіріп кетті

  • 355
  • UPD: 11:42, 06.02.2019
Шымкентте ерлі-зайыптыларды өз үйінде өлтіріп кетті otyrar.kz

Шымкент қаласында ерлі-зайыптыларды өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оқиға орнында қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған. Күдікті тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларына Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы