389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда жалған полицей құрықталды

  • 469
  • UPD: 10:32, 22.02.2019
Қостанайда жалған полицей құрықталды

Қостанайлық тәртіп сақшылар алаяқтықпен айналысқан жалған полицейді құрықтады. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Затобол және Майкөл ауылы тұрғындарынан алаяқтық туралы шағым түскен.

Жедел іздестіру кезінде 27 жастағы жігіттің өзін полиция өкілі ретінде таныстырғаны белгілі болды. Күдікті көлігі бар зейнеткерлерді аңдып жүрген. «Жол ережесін бұздыңыз» деп, сол үшін айыппұлға тартып олардан ақша талап еткен. Алданған қариялар 300 мың теңге көлемінде шығын шеккен.

Облыстық ПД қызметкерлері тергеу жүргізуде. Күдіктінің осыған ұқсас өзге де алаяқтық істерге қатысы бары тексеріліп жатыр.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы