377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде өртенген пәтерде қамалған 3 адам құтқарылды

  • 200
  • UPD: 10:17, 19.03.2019
Семейде өртенген пәтерде қамалған 3 адам құтқарылды

Семейдегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, пәтердегілер қамалып шыға алмай қалған.

Есік жаққа беттей алмаған 88 жастағы кейуана мен 22 жастағы немересі екеуі жатын бөлмедегі терезеден шықпақшы болады. Алайда пәтер бірінші қабатта болғандықтан терезеде темір тор орнатылған еді. Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер темір торды бұзып, терезеден әжей мен жас жігітті шығарып алады. Алайда үй иесі пәтерде 55 жастағы ұлының диванда қалып қойғанын айтып шырылдайды. Дереу үйге қайта енген құтқарушылар ес-түссіз жатқан азаматты алып шығады. Оған жедел жәрдем көмек көрсетіп, жансақтау бөліміне жеткізілді. Бір сағатта қызыл жалын тоқтатылды. 20 шаршы метр аумақ отқа оранған. Өрттің неден болғаны әзір белгісіз. Мамандар екі болжам айтып отыр: бірі – отқа абайсыздық, екіншісі мас күйінде шылым шегіп ұйықтап кету. Жыл басынан осындай абайсыздық кесірінен 100-ден астам өрт оқиғасы тіркеліп, 67 адам құтқарылған екен. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы