389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 9-сынып оқушысын көлік қағып, оқиға орнында көз жұмды

  • 442
  • UPD: 09:44, 27.03.2019
Ақтөбеде 9-сынып оқушысын көлік қағып, оқиға орнында көз жұмды © diapazon.kz

Ақтөбеде жеңіл автокөлік екі оқушыны қағып кетті.

Қайғылы оқиға 24 наурызда кешке болды. Үш сыныптас бассейнге барған. Жасөспірімдер №10 орта мектептің тоғызыншы сынып оқушылары, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқушылар жаяу жүргіншілер жолымен көшеден өтіп бара жатқанда екі баланы көлік қағып кеткен. Олардың бірі - Нұржан Жазықов сол жерде-ақ қаза тапты. Екіншісі жансақтау бөлміміне түсті. Үшінші бала жолды өтіп үлгерген.

«Біз мектептің үздік оқушысынан айырылдық. Нұржан өте белсенді бала еді, отбасы зиялы, Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың ұрпақтары. Екінші күн ауруханаға барып жүрміз, жансақтау бөліміндегі оқушымыз үшін алаңдаймыз», - деді №10 орта мектептің директоры.

Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу дерегін растады. «24 наурызда Қобда жолында «Опель-Вектра» автокөлігінің жүргізушісі Едіге батыр даңғылымен қозғалып келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында екі кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір бала оқиға болған жерде қайтыс болды, екіншісі облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. 20 жастағы көлік жүргізушісі медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес сау болған. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы