377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікұшақ апаты: оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы аттанды

  • 205
  • UPD: 00:02, 28.03.2019

Әскери тікұшақ бүгін кешке жақын Қызылорда облысының Жалағаш ауданы аумағында құлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы хабар «112» қызметіне сағат 17:35-те түсті. Әуе көлігі түгі қалмай жанып кеткен. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Белгілісі, тікұшақ еліміздің Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Осы министрліктің хабарлауынша, әуе техникасының бортында 13 адам болған. Бұған дейін төтенше жағдайлар қызметі құлаған МИ-8 тікұшағы деп хабарлаған болатын.

Талғат Мұхтаров, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант:

- Қорғаныс министрлігі Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, опат болғандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және «Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған. Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы оқиға орнына аттанды. Қазіргі уақытта екі тікұшақ Қызылордаға қонды. Біреуі апат орнына оралды. Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірігіп әуе апатының себебі мен мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу жұмыстарын бастады.

Хабар 24 телеарнасы