380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 60 жастағы ер адам сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін

  • 114
  • UPD: 19:33, 17.04.2019

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Кіші Нарын ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан болуы мүмкін. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметі бойынша, науқас сәуірдің 11-і күні аудандық ауруханаға түскен. Дәрігерлер 60 жастағы ер азаматтың қазіргі жағдайы бірқалыпты деп отыр.

Күдікке алынған азаматтың сол қолының бас бармағына жара шыққан. Ол күнделікті өзінің малын бағып-қағумен айналысқандықтан, дәрігерлер ауруханаға түскен бойда оқшаулап, медициналық тексеруден өткізген. Сондай-ақ түрлі сынамалар алынып, аса қауіпті ауруларға сараптама жасалатын зертханаға жіберген. Науқастың отбасындағы тағы үш адамның денсаулығын да дәрігерлер жіті бақылауға алған. Әзірше ешбір аумақта карантин жарияланған жоқ. Нақты диагноз терең зертханалық сараптаманың талдамасы шыққан соң белгілі болмақ.

Хамит Елубаев, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Диагнозы күдікті күйдіргі ауруы бойынша болды. Тексеру бойынша ешқандай ауырған мал, сойылған мал етімен қатынас істегені анықталған жоқ. Енді ол ауру біздің бақылауымызда тұр. Жұмыс жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы