378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы алтын кенішінде екі адам қаза тапты

  • 247
  • UPD: 17:40, 27.04.2019

Ақмола облысындағы алтын кеніштерінің бірінде екі адам қаза тапты.

Оқиға бүгін таңертең Степногорск қаласының жанындағы Бестөбе ауылының маңында болған. «Новая» деп аталатын кеніште тау жыныстары опырылып, онда жүрген 3 адамның екеуі оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал үшіншісін құтқарушылар аман алып қалған. Қазір ол ауруханада жатыр. Ал «ҚазақАлтын» тау-кен комбинаты оларды кенішке заңсыз түскен қарақшылар деп отыр. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтауда.

Хабар 24 телеарнасы