379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды

  • 215
  • UPD: 22:35, 06.05.2019
Маңғыстау облысында полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданының полицейлері 4 адамды өрттен құтқарып қалды.

Оқиға түнгі 11-дің шамасында болған. Басқұдық ауылында патрульде жүрген полиция қызметкерлері екі қабатты үйден оттың ұшқынын байқайды. Дереу өртеніп жатқан үйге жетіп, қаннен қаперсіз шырт ұйқыда жатқан тұрғындарды оятып, сыртқа алып шыққан. Тәртіп сақшыларының батыл әрі жедел әрекеттерінің арқасында тұтас отбасы ажалдан аман қалды.

Асқан Қадыршаев, Мұнайлы аудандық полиция бөлімі жол патрульдік ротасы командирінің орынбасары:

- Дер кезінде келіп, азаматтарды шығарып, алғашқы көмегімізді көрсеттік осы жерде. Бірнеше отбасыны шығарып, өрт кезінде. Полиция қызметкері болмасам да осы бірінші азаматтық борышым. Адамдарға көмектесу – азаматтық борышым деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы