389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте дәрігерлер сірке суын ішіп қойған сәбиді аман алып қалды

  • 426
  • UPD: 11:06, 14.05.2019
Шымкентте дәрігерлер сірке суын ішіп қойған сәбиді аман алып қалды gastronom.ru

Анасының айтуынша, нәресте қонаққа барған кезде қауіпті сұйықтықты абайсызда ішіп қойған.

Содан кейін ол ауыр халде жергілікті жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Мамандар сәбидің ішкі органдарының зақымданғанын анықтап, оны шұғыл түрде Шымкенттің Гипербариялық оттектеу орталығына ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Улы сусынды ішіп қойған бүлдіршіннің ауыз қуысын және өңешін химиялық күйік шалған. Қазір балақайдың жағдайы жақсы. Анасымен бірге токсикология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Мадина Ермағанбетова, Гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері:

- Анасының сөзінше, қонақта жүрген кезде бір жасар қызы абайсызда уксус ішіп қойған. Балаға жедел түрде қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі жағдайы жақсы. Әлі ауруханада бір аптадай жатып ем қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы