389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да мамыр айының басынан бері 4 адам суға кеткен

  • 290
  • UPD: 12:13, 20.05.2019

Батыс Қазақстан облысында мамыр айының бірнеше күнінде 4 адам суға батып қайтыс болды.

Аталған өңірде суға түсу маусымы әлі бастала қойған жоқ. Қаратөбе және Ақжайық аудандарының аумағындағы су қоймаларына түскен 11 және 12 жастағы жеткіншек тілсіз жаудың құрбаны болды. Макаров ауылындағы 24 жастағы жігіт шаған өзеніне батып кеткен. Сонымен қатар, құтқарушылардың көмегімен Ақжайық ауданындағы  Киров су қоймасынан балықшының мүрдесі шығарылды.  

Көкшетауда «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізілді. 2 тәулік бойы жүргізілген іс-шаралар барысында  жолда жүру ережесін бұзудың 376 фактісі анықталды. Полицейлердің айтуынша, автобус  тізгіндегендердің дені телефонмен сөйлесуге әуес. Сонымен қатар жылдамдықты асыратындар да баршылық. Айта кету керек, жолда жүру тәртібін бұзғадарды жолаушылардың өздері анықтап, ұялы телефонға түсіріп алу деректері артып отыр.

Нұралы мүсиев   облыстық ТЖД бас маманы:

- Қаза болғандардың саны көп болар еді, егер де жедел құтқару жасағының қызметкерлерінің уақтылы қабылдаған шаралары болмаса. Тйыым салынған, суға түсуіге болмайтын жабдықталмаған орындарда суға түсуге болмайды. Ішімдік ішіп суға түсуге болмайды. Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдырмай, үлкендер болмаған кезде балаларға суға түсуге болмайды.

Балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кету оқиғалары да азаяр емес. Жуырда Талдықорғандағы балабақша ғимаратының 2 қабатынан құлған 2 жасар бүлдіршін ауыр жарақат алды. Қазір оқыс оқиғаның себептерін полиция анықтап жатыр. Мамырдың 17-де Павлодар облысының Ефремовка ауылы мен Қостанай қаласында тағы 3 бала терезеден құлап кеткен.  Жедел ауруханаға жеткізілген балалар қазір дәрігерлердің бақылауында. 

«Жас балаларды терезесі ашық тұрған бөлмеде ешқашан қараусыз қалдырмау керек. Өйткені терезедегі шыбын-шіркейге арналған қосымша торы кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін» дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы