378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Автокөлік соққан дүңгіршек сатушысы үйіне қайтарылды

  • 153
  • UPD: 16:36, 20.05.2019
Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Автокөлік соққан дүңгіршек сатушысы үйіне қайтарылды

Елорданың Полиция департаменті 19 мамыр күні Абылай хан даңғылында тіркелген жол апаты салдарының жайын баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің видеосында көрсетілгендей, жол апаты салдарынан автокөліктердің бірі дүңгіршекпен соқтығысқан. Полиция департаментінен түсіндірілгеніндей, дүңгіршекке «Lifan Х50» маркалы автокөлік кіріп кеткен.

«Дүңгіршектің ішінде сатушы әйел болған. Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Жағдайы жақсы. Бәрі де дүңгіршек ішіндегі әйел көз жұмды деп ойласа керек. Ал негізі жол қиылысында бағдаршамның жасыл түсінің жануын күтіп тұрған әйел қаза тапты», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, 19 мамыр күні сағат 12:05-те Абылайхан даңғылы бойында «Nissan XTrail» маркалы көлігі «Lifan Х50» автомашинасына соқтығысып, қатты соққы салдарынан «Lifan Х50» көлігі жолдан өтіп бара жатқан адамдарды басып өткен болатын. Оқиға орнында бір адам көз жұмып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалуда.

 

Хабар 24 телеарнасы