389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да өткен ғасырдағы соғыс снаряды табылды

  • 532
  • UPD: 10:36, 23.05.2019

Солтүстік Қазақстан облысында азамат соғысы кезіндегі артиллериялық снаряд табылды.

Жарылғыш затты Қызылжар ауданы Большая Малышка ауылы маңынан малшы тауып алып, кезекші бөлімге хабарлаған. Фугасты снаряд Петропавл әскери институтының оқу полигонында жойылды. Әбден тот басқандықтан, оқдәрінің нақты шыққан уақытын анықтау мүмкін болмады.  

Атырау облысының Дамба ауылы маңындағы Заролый каналы бағытында тоқтаған Камаз автокөлігінен салмағы 35 келі болатын 12 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Қазіргі таңда материал сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабы бойынша іс қозғалды. 

Ақтөбе қаласының тұрғынынан екі келіге жуық есірткі заты тәркіленді. 30 жастағы күдікті оны өз  пәтерінің балконында сақтап келген. Тексеру барысында жалпы салмағы 2 келіге тарта марихуана табылды. Күдікті оны бос қалған саяжайлардан өзіне пайдалану үшін теріп алғанын айтқан. Дәл осындай дерек Ақтөбеде өткен аптада да тіркелген болатын. 

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- 18 мамырда ерікті түрде полиция ұызметкерлеріне бір кг-нан астам марихуана тапсырған Ақтөбе қаласының Ибатов көшесінің бойындағы пәтер тұрғыны ұсталды. Осы деректер бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 294-бабы 4-тармағы «Ескірткі өнімін заңсыз пайдалану» бойынша сот алды  тергеу – тексеру шаралары басталып, сараптама тағайындалды. Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері 116 кг марихуана тәркіледі. Және есірткі өндірудің 20 дерегін анықтады. 

Шығыс Қазақстандағы Бородулиха ауданында 5 қабатты үйден өрт шықты. Лапылдаған жалынның кесірінен жоғарғы қабаттағы тұрғындар сыртқа шыға алмай қалған. Құтқарушылар тобы үш иінді сатының көмегімен бесінші қабаттағы бес әйелді төменге түсіріп алды. Төсекке таңылған қарияны төмен түсіру оңай болмаған. Дегенмен, сауатты іс-қимылдың арқасында қария мен екі кішкентай бала от-жалынның ортасынан шығарылды. Ал, өрт шыққан пәтердегі мүгедек ер адам көршісінің көмегінің арқасында аман қалды. Осылайша барлығы 8 адам құтқарылып, 25 адам эвакуацияланды.

Ақтөбеде Екпінді көшесіндегі салынып жатқан 2-қабатты үйде өрт шығып, жалын тілі көрші үйді де шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы мен 39 жасағы жұмылдырылды. Құтқарушылар оқыс оқиға болған жерге 7 минутта жеткен. Жанған жердің жалпы аумағы - 117 шаршы метр. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы