378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әуежайында машина өртенді

  • 119
Елорда әуежайында машина өртенді inform.kz

«Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайының автотұрағында көлік өртенді.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін 10 сағат 28 минутта елордалық әуежайдың орман белдеуіндегі тегін автокөлік тұрағында жеңіл автокөліктен өрт шықты. Өрт сөндіру бригадасы үш минуттан кейін оқиға орнына келді. Өрт 10 сағат 39 минутта сөндіріліп бітті», - деп хабарлады баспасөз қызметі. Өрттің шығуына жанармай сорғыштағы қысқа тұйықталу себеп болған. Өрт кезінде көліктің жанында иесі мен электрик  болды. «Өрт сөндіруге барлығы 2 техника мен  әуежайдың өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жеке құрамының 6 адамы қатысты», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы