384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жоғалған баланың денесі табылды

  • 528
  • UPD: 22:45, 03.06.2019
СҚО-да жоғалған баланың денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласында жоғалып кеткен баланың өлі денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Павел Кулаковскийдің мәйітін Тайынша қаласының маңындағы Шағалалы өзенінен балықшы тауып алған. Ол 27 мамыр күні үйінен шығып, сол күйі келмеген. Мектеп оқушысын іздеуге полицейлермен бірге еріктілер де қосылды. Іздестіру шараларына 40-тан астам адам қатысты. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, бала киіммен болған. Енді қайғылы жағдайдың себебі анықталады. Жалпы өңірде өткен демалыс күндері 4 адам суға кетіп, қаза тапты. Бұл ретте мамандар өзен-көлдерде рейдтер ұйымдастырып, балықшылар мен шомылушыларға ескерту жасап жатыр.

Қуат Махметов, облыстық тжд азаматтық қорғау бөлімінің аға офицері:

– Бұл баланың денесінде ешқандай зорлық белгілері табылмаған. Әрі қарай мәйітті соттық-медициналық сараптамаға жіберіп, одан кейін ғана хабарламалар береміз.

Хабар 24 телеарнасы