383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда спиртті ішімдік пен темекі өнімдерін заңсыз сақтаған азамат ұсталды

  • 147
  • UPD: 18:57, 05.06.2019
Қарағандыда спиртті ішімдік пен темекі өнімдерін заңсыз сақтаған азамат ұсталды

Қарағандыда 16 мыңнан астам спирттік ішімдік пен екі жарым мыңға жуық темекі өнімдерін заңсыз сақтаған азамат ұсталды.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен экономикалық тергеу департаменті бірлесе жүргізген тексеріс барысында қаладағы қоймалардың бірінен ірі көлемдегі ішімдік пен темекі өнімдері тәркіленді. Қазір жеке тұлғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жалпы 2019 жылдың басынан бері Қарағанды облысының аумағында акцизделетін өнім айналымы бойынша 32 заңбұзушылық тіркеліп, 28 мыңнан астам алкоголь, 27 мың литр мұнай мен үш мыңға жуық темекі өнімдері тәркіленген. 

Айдос Қабылтаев, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Көбінесе лицензиясыз және таңбасыз өнімдерді сату бойынша заң бұзушылық тіркеліп жатыр. Қарағанды облысы мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары акцизделетін өнімдердің  көлеңкелі айналымының жолын кесуге бағытталған тиісті іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Ірі көлемдегі ішімдік пен темекіні заңсыз саудалаған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы