382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оқыс оқиғадан аман қалған «Астана су арнасының» жұмысшысы ауруханадан шықты

  • 378
  • UPD: 16:44, 14.06.2019
Оқыс оқиғадан аман қалған «Астана су арнасының» жұмысшысы ауруханадан шықты blogspot.com

Елорда полиция департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаев «Астана су арнасы» мекемесінің аман қалған қызметкерінің ауруханадан шыққанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта зардап шеккен бесінші адам ауруханадан шықты. Амбулаториялық ем алып жатыр. Оған барлық медициналық көмек көрсетілуде. Жағдайы бірқалыпты», - деді Ғазиз Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында. Ол жәбірленуші ретінде істен өтуде.

«Құдықтағы кісі өліміне байланысты қылмыстық істі тергеу барысында ережелердің сақталуын тексердік. Құрылыс нормалары мен ережелері туралы айтар болсақ, бұл ретте елімізде 2001 жылы бекітілген құрылыс істері бойынша комитеттің ережесі бар», - деді ол.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы