384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы мекеме басшысы пара алу күдігіне ілікті

  • 183
  • UPD: 19:01, 17.06.2019
Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы мекеме басшысы пара алу күдігіне ілікті

Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік мекеме басшысының үстінен іс қозғалды.

«Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысының пара алу фактісін әшкереледі. Ол 350 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр», - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Ол бұл соманы әскерге шақырылушыларды ыстық тамақпен қамту бойынша мемлекеттік сатып алу келісім-шарты аясында кәсіпкерге қамқорлық көрсету үшін алған.   

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің ісі сотта қаралып, шешім шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы