386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Туысын өлтірді деп күдікке ілінген қостанайлық боксшы екі айға қамалды

  • 225
  • UPD: 14:18, 16.07.2019
Туысын өлтірді деп күдікке ілінген қостанайлық боксшы екі айға қамалды

 

Қостанайда жездесін өлтірді деген күдікті Аслан Мұқанов екі айға қамалды.

Сот оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қостанай аудандық соты тергеуші, полиция лейтенанты А.В.Рогожинаның Қостанай аудандық прокуроры Р.А.Кәрімов келісімін берген А.Мұқановқа қатысты 2 ай мерзімге қамау туралы өтінімін қанағаттандырды», - деп мәлімдеді сот. Аслан Мұқанов адам өлтірді, яғни кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратты деген күдікке іліккен. Бұдан бұрын Қостанай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері адам өлтіру дерегін ашқаны хабарланған болатын. Кейінірек полиция қызметкерлері боксшыны өлтірді деген күдіктінің ұсталуына қатысты кейбір деректерді айтқан.

Хабар 24 телеарнасы