Атырау қаласының іргесіндегі қамысты алқаптан өрт шықты. Шамамен 5 гектар жерді шарпыған тілсіз жауды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр.
Қазір төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» резерватының 55 қызметкері және 13 техникасы өртті сөндіріп жатыр. Қызыл жалын шарпыған аймақ табиғи қорыққа өте таяу болғандықтан оның жайылуына жол бермеудің қамы жасалып жатыр. Алайда сәт сайын күшейген жел жұмысты қиындатып тұр. Түстен кейін Атырау қаласының оңтүстік бөлігін қалың түтін тұмшалап алды. Өрттен зардап шеккендер жоқ.