385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көктөбедегі өрт сөндірілді

  • 160
  • UPD: 21:23, 11.08.2019
Көктөбедегі өрт сөндірілді

Көктөбедегі өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматының Медеу ауданында дала отқа оранып, қызыл жалын 10 гектар аумақты шарпыған. Өртенген алаң әйгілі Көк-Төбе телемұнарасынан шамамен бір шақырым ғана жер. Өрт сөндіру жұмыстарына 42 маман, 12 техника, тіпті екі тікұшақ жұмылдырылған. Себебі таулы аймаққа қызыл жалынды ауыздықтауға қиындық тудырған.

 

Хабар 24 телеарнасы