387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында бір қора мал жанып кетті

  • 167
  • UPD: 12:36, 13.08.2019
Жамбыл облысында бір қора мал жанып кетті ktk.kz

Жамбыл облысында жеке шаруа қожалықтардың бірінде өрт шығып, 90 бас мал жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Жамбыл ауданы Қоңыртөбе ауылының маңында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 90 бас малдың 67-сі сиыр, бесеуі жылқы, қалғаны уақ мал. Сонымен қатар 200 тонна шөп күлге айналды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 40-қа жуық адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 7 сағат бойы арпалысқан. Абырой болғанда адамдар аман. Қазір шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Шаруа қожалық иесінің айтуынша, отты белгісіз біреулер қасақана қойған болуы мүмкін.

Талғат Сабыров, облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Өрттің көлемі 600 метр шаршы болды. Өрттің себебін анықтау үшін өрт сынақ зертханасы және полиция бөлімдері жедел тергеу тобы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы