387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда адамдарды көлікпен қасақана қаққандар іздестіріліп жатыр

  • 178
  • UPD: 23:12, 26.08.2019

Алматыда бүгін таңға таяу жастар арасында дау-дамай шығып, соңы қайғылы жағдайға әкеп соқты.

Бет бұзып, жаға жыртумен тоқтамаған жастардың бір тобы қарсыластарын көлікпен қасақана соққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір көлік иесі іздестірілуде, ал жарақат алғандар ауруханада жатыр.

Айқай-шу, мотордың гүрілі алматылықтардың тәтті ұйқысының шырқын бұзды. Бұл қаладағы Гагарин көшесінің бойы. Таңғы сағат 05:00-ке таман екі кафеден шыққан жастардың арасында жанжал туып, төбелеске ұласқан.

Блиц 1:

Таңғы уже 5:00-ге дейін шу болды. Бір қыздардың даусы шығып жатты.

Блиц 2:

Осы үйде тұрамын. Түнде шу болды керемет. Осы жерде төбелес болды. Өзі аман ба? Кісі өлімі жоқ па екен?

Абырой болғанда кісі өлімі жоқ. Басы жарылып, миы шайқалған және аяқ-қолы зақымданған үш азамат қазір тиісті ем қабылдауда. Олардың екеуі 7-ауруханаға түссе, біреуі Орталық клиникалық ауруханаға жатқызылған. 

Карина Гаитова, дәрігер-нейрохирург:

- Бірінші науқас 1991 жылғы. Түскен кезде диагнозы жабық бас-ми жарақаты. Мидың шайқалуы. Оның жағдайы қалыпты. Орта дәрежеде. Екінші науқас 1991 жылғы. Оның түскен диагнозы ашық бас-ми жарақаты. Жеңіл дәрежесінде мидың соғылуы. Және төбе сүйегінің кіріп-сынған жарақаты деген диагнозбен түсті.

Қазір криминалды полиция басқармасының із кесушілері істі тергеуге кірісті. Күдіктілердің үстінен бұзақылық, қасақана адамдарды қағу және жол-көлік оқиғасынан қашып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

Әрине, бұл екі компанияның өкілдері де спирттік ішімдіктерді қолданды деген пайымдауымыз бар. Түсініктемелері де бар осы іске қатысушылардың. Нақты анықталатын болады енді тергеу барысында. Кім бастады деген сұрақ туындамайды. Қылмыстық іс аяқталды ғой. Біз көріп тұрмыз адамдар қағылды. Тек осы іс-әрекетті жасаған адамдар жауап береді.

«Күдіктілердің аты-жөні анықталды», - дейді полиция өкілдері. Қазір бұзақыларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Енді адам қаққандар жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы