387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 4 жасар бала суға батып кетті

  • 161
Ақтөбеде 4 жасар бала суға батып кетті kungei.kz

Ақтөбенің Кемпірсай өзені жағасында ойнап жүрген бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 26 тамыз күні Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылы маңындағы өзен де болды. «Арада 10 минут өткенде баланың денесін жергілікті тұрғын судан алып шықты. Балаларды бақылаусыз, қадағалаусыз қалдырмауды сұраймыз. Тіпті бассейн, ваннаға түскенде сақ болу керек», – деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін Оралда 14 жастағы жасөспірім суға батып кеткені хабарланған.

Ал Алматы облысының өзен-көлдерінде шомылу маусымы басталғалы 37 адам суға батқан.

Хабар 24 телеарнасы