389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қураған үлкен ағаш 4 көлікті басып қалды

  • 371
  • UPD: 16:37, 01.09.2019
Алматыда қураған үлкен ағаш 4 көлікті басып қалды iz.ru

Алматыда көпжылдық ескі ағаш төрт автокөлікке құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 1 қыркүйекте Көк базар маңында болды. 

«Зенков көшесінде Мақатаев пен Жібек жолы көшелерінің арасында ағаш құлап кетті. 4 автокөлік зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Шақыру орнына полиция қызметкерлері, Медеу аудандық ТЖ (акт жасалды), Алматы қаласының құтқару қызметі келді. Құтқарушылар ағашты кесіп тастады, ол қала әкімдігі ұсынған техниканың көмегімен шығарылды», - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Зақымданған автокөлік иелері қазір сақтандыру комиссарларын күтіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы