387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қылмыстық істің жабылуына наразы кеншілер прокуратураға шағым түсірді

  • 165
  • UPD: 23:05, 03.09.2019

Қарағанды облысында кеншілердің арызы бойынша қозғалған қылмыстық іс жабылды. Естеріңізге сала кетейік, «Шахтинская» шахтасының 20 кеншісі кен орнында ақша жинау туралы мәселе көтерген еді.

Кеншілердің сөздерінше, олар қауіпті және қиын жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін үстемақының жартысын учаскенің бастығына беруге мәжбүр болған. Осылайша басшының қолына жұмысшылардан ай сайын жарты миллион теңгеге жуық қаражат түсіп отырған екен.

Илья Махлов, адвокат:

- Учаске  бастығы ол төлемдерді тек өзі ғана белгілей алатынын атап көрсетті.  Сондықтан өзіне ақша жинағандарды алдап, одан пайда көруі, алаяқтық әрекет екені көрініп тұр. Бірақ енді ол үстінен арыз жазғандарға қысым жасап, қорқытып, үркітеді дегенге тергеу органдары негіз таппаған. Сондықтан біз тергеу органының қаулысына қарсы прокуратураға арыз түсірдік.

Шахта басшылығы осы шағымдарға байланысты қызметтік тексерістер жүргізген. Нәтижесінде бірнеше лауазымды тұлғалар жауапқа тартылыпты. Алайда кеншілердің арызын қараған полицейлер участок бастығының әрекетінен қылмыстық көрініс таппадық деп отыр.

Жанатай Сембеков, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Сотқа дейінгі тергеу барасында жауап алынған тұлғалардың барлығы өздерін ешкім ақша жинауға мәжбүрлемегенін көрсетті. Сонымен қатар кімнің қандай ақының тиесілі екені ұжымдық келісім шарт негізінде реттеледі. Компания берген жауапқа сәйкес олар қандай да бір материалдық шығын көрдік деп отырған жоқ. Сондықтан қылмыс құрамы болмағасын іс жабылды.

Ал арызданушы кеншілер тарапы полицияның қылмыстық істі жабуына байланысты наразылық білдіріп отыр. Енді олар прокуратураға шағым түсірді.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы