387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да скутер мінген жасөспірім жол апатынан қаза тапты

  • 153
  • UPD: 15:46, 04.09.2019
СҚО-да скутер мінген жасөспірім жол апатынан қаза тапты inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысында скутер мінген жасөспірім жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Тенгри ньюс pkzsk.info сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 1 қыркүйекте Ғабит Мүсірепов ауданындағы Новоишим ауылында болған.

2003 жылғы скутер жүргізушісі қосалқы жолмен келе жатып, жол бермей Volkswagen автокөлігіне соқтығысқан. Неміс көлігінің тізгінінде болған 1975 жылғы ер адам негізгі жолмен келе жатқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутер жүргізушісі мен жолаушысы аудандық ауруханаға жеткізілген, сол жер де жүргізуші қайтыс болды», – деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы