389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ұрланған үш жасар бала өлі күйінде табылды

  • 269
  • UPD: 21:40, 08.09.2019
Қарағандыда ұрланған үш жасар бала өлі күйінде табылды

Қарaғанды облысында 3 жасар сәбидің денесі табылды.

Анасының айтуынша, бұрын сотталған Игентай Сопыжанов дүкеннің жанында баланы қолынан жұлып алып, қашып кеткен. Бірнеше күн бойы Максим Гарифулинді іздеуге 600-ге жуық полицей атсалысты. Сот-медициналық сараптамасынан кейін өлім себебі анықталады. Қазір «кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, Игентай Сопыжановқа республикалық деңгейде іздеу жарияланды.

Ерлан Файзуллин, облыстық полиция департаментінің басшысы

– Баланы алып кеткен – анасының бұрынғы танысы. Қылмыскер осыған дейін Шет ауданында адам өлтіргені үшін абақтыға отырып шыққан. Осы жылдың ақпан айында бостандыққа шығып, пробацияда жүрген.

Хабар 24 телеарнасы