386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  • 139
  • UPD: 14:29, 11.09.2019
Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін kokshetau.asia

Қазір 3 жасар баланы өлтірген күдіктіге қатысты алдын ала тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Бұл қылмыс кәмелеттік жасқа толмаған балаға жасалып отыр. Сондықтан жаңа заң бойынша да, бұрынғы заң бойынша да ауыр қылмыс болып саналады. Қазір алдын ала тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен белгілі болған деректерге сәйкес, бұл 20 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын аса ауыр қылмыс болып саналады», – деді ҚР бас прокурорының орынбасары Мұрат Ахметжанов Орталық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған дейін Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген қылмыскерге қатысты жаңа мәліметтер ашылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату мақсатында жасалған жаңа заң жобасына сәйкес адам саудасы, есірткі тасымалы, браконьерлік, әйелдер мен балаларға қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және зорлау деректері аса ауыр қылмыстар қатарына енгізілді.

Айта кетейік, Қарaғанды облысында жоғалған 3 жасар бала өлі күйінде табылған болатын. Анасының сөзіне қарағанда, танысы Игентай Сопыжанов дүкеннің жанында баланы қолынан жұлып алып, қашып кеткен.

Ал 9 қыркүйекке қараған түнде Қарағанды вокзалының алдындағы алаңда Игентай Кәрімұлы Сопыжановты ұстады.

Кейіннен қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер жарияланды. Бұл Игентай Сопыжановтың алғашқы қылмысы емес. Бұған дейін ол жәбір көруші тараптың туысын өлтіріп, 9 жылға сотталған болатын. Жазасын Қостанайдағы түзеу мекемесінде өтеген.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы