389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

  • 263
  • UPD: 20:34, 16.09.2019
Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты newtimes.kz

Өткен түнде Алматы облысында екі «Ауди» автокөлігі соқтығысып, 7 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол апаты «Алматы-Текелі» тас жолының 26-шақырымында тіркелген. 6 адам оқиға орнында қаза тапса, біреуі Текелі қалалық ауруханасында көз жұмған. Қазір сол емдеу мекемесінде осы жол-көлік апатынан жарақат алған бір жолаушы жатыр. Екіншісі облыс орталығы Талдықорғандағы ауруханалардың біріне жеткізілген.

«Екеуінің де жағдайы өте ауыр», - дейді дәрігерлер. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серік Үпиев, облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы