389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда танымал дәрігерге қастандық жасамақ болғандар іздестірілуде

  • 222
  • UPD: 13:55, 20.09.2019

Павлодардың полиция департаменті аймаққа  танымал дәрігер, медицина саласында бірқатар басшылық қызметтерді атқарған Гүлфаз Аубановаға қастандық жасамақ болғандарды іздестіріп жатыр.

Оқиға  таңертеңгі уақыттарда дәрігер тұратын үйдің жанында болған. Бәз біреулер оны күштеп көлікке отырғызып әкетпек бопты. Дер кезінде сытылып кеткен ол, болған жайды полицияға хабарлаған. 

Жанар Билялова, облыстық ПД ресми өкілі:

- Аталған дерек  бойынша  ҚР ҚК  125 бабымен  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицияның жеке құрамына бағдар берілді. Осы іске қатысы бар күдіктілерді  анықтау мақсатында жедел тергеу-іздестіру амалдары қолға алынды. 

Ақтөбелік шекарашылар халықаралық бағыттағы автобустан граната тауып алды. Жарылғыш зат Орынбор мен Ақтөбе арасында қатынайтын жолаушылар көлігін тексеру барысында анықталған. «Жайсаң-Авто» шекара бөлімшесінде жүргізілген шара барысында иісшіл иттер мен арнайы техникалық құралдардың көмегі тартылған. Нәтижесінде, артқы орындықтардың астынан бір дана граната табылды. Осында шұғыл шақырылған полиция қызметкерлері мен саперлар оны қауіпсіздендірді. Қазір жарылғыш заттың иесі ретінде 1984 туған азамат ұсталған. 

Ермек Каримов, ҚР ҰҚК ШҚ 2030 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- ҚР-ның азаматы күдікті болып саналып тұр. Барлық автобус, сол күдікті азамат және де РГД гранатасы Мәртөк ауданының ішкі істер бөліміне анықтау жүргізу үшін тапсырылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр сол азаматпен. Қалған азаматтардың барлығы мемлекеттік шекарадан өткізілді. 

Алматыда үш адамды қасақана қаққан күдіктілердің екіншісі де ұсталды.  Бұл туралы қалалық полиция департаментінің  баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамыз күні Бостандық ауданында ағайынды екі жігіт екі жеңіл көлікпен   қасақана үш адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. «Тайота камри» автокөлігін тізгіндеген жігіт көп ұзамай қолған түсті. Ал, «Тайота Авенсис» көлігінде болған жүргізуші осы күнге дейін бой тасалап жүрген болатын. Қалалық криминалдық полиция екінші күдіктіні де қолға түсірді. Ол 1999 жылы туған  «А» есімді азамат. Ағайынды жігіттердің бұл әрекеті «кісі өлтіруге оқталу» бабымен қаралуда. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Ол Алматы облысының  төңірегінде тығылып, полиция қызметкерлерінен  қасақана  қашып жүрген. Қазргі таңда  ол уақытша оқшалау абақтысына қамалып, қылмыстық кодекстің 24 бабы және 99 баптары бойынша қылмыстық істер әлі тергелу үстінде. Тергеу органдарынан қасақана тығылу бұл ауырлататын мән-жай болып  табылады. Сондықтан, өз үкімін шығарған кезде сот  бұл фактілерді міндетті түрде есепке алады.  

Ақтөбелік полиция қызметкерлері «кәсіпорыннан ұрлау» дерегін анықтады. Түн мезгілінде өндірістік аймақ аумағынан хром тиелген үш бірдей КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан. Алайда, жүргізушілерде қажетті құжаттер болмапты. Қазір соталды тергеу амалдары басталып, осы қылмысқа қатысы бар зауыт жұмысшылары тексерілуде. Бұл дерек облыс көлемінде жүргізіліп жатқан «Металл» алдын-алу шарасы кезінде тіркелді. 

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қымбат автокөліктерді заңсыз айдап әкетумен айналысқан ағайынды екі жігітті ұстады. Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Сарыағаш АПБ-не Ресей Федерациясының азаматы арызданып, Жібек жолы ауылының автотұрағынан оның «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлігін айдап кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 20 миллион теңгеден асқан. Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден топ құрылды. Жедел түрде атқарылған шаралар нәтижесінде Криминалдық полиция қызметкерлері автокөлікті айдап кеткен күдіктілердің ізіне түсті. Олар Шымкент қаласында ұсталды. Сондай-ақ, көп ұзамай Түркістан облысының жедел уәкілдері іздестіру барысында Қарағанды қаласынан ұрланған көліктерді сатып алған азаматты да  ұстады. Полиция қызметкерлері бұл қылмыстық топтың қымбат шетел маркалы көліктерін ұрлаудың басқа да жайттарына қатысы бар екендігін жоққа шығармайды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы