389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары тергеліп жатыр

  • 236
  • UPD: 19:19, 27.09.2019
Ақтөбеде күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары тергеліп жатыр

Ақтөбеде  «мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр. Ол бір азаматшаны жұмысқа орналастырам деп 400 мың теңге алған.

Жалпы облыста жыл басынан бергі сегіз айда 88 іс тіркелген. Оның 69 проценті сыбайлас жемқорлық қылмысына жатады. Облыстық, аудандық деңгейдегі басшылар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты істер де бар.

Гүлфарида Таубаева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының орынбасары: 

- Аталған лауазымды тұлға бұрын азаматша "А"-дан соңғыны жұмысқа орналастыруға көмектескені үшін пара ретінде алған 400 мың теңгені қайтару кезінде әшкерленген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы