389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

  • 156
Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Павлодар облыстық полиция департаменті хабарланғандай, 1973 жылғы азамат жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«28 қыркүйек күні Павлодар қаласында сағат кешкі 20.35 шамасында 19-автожолда 57 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2107» көлігімен жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен 1973 жылғы азаматты қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам көз жұмды», – делінген полиция департаменті ұсынған ақпаратта.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөлік айыппұл алаңына жеткізілген.

Хабар 24 телеарнасы