389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда ереже бұзып, ізін суытпақ болған Қазақстан азаматы ұсталды

  • 167
  • UPD: 20:19, 01.10.2019

Оңтүстік Кореяда Қазақстаннан келген тағы да бір заңсыз мигранттың заң бұзушылығы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кванджу қалалық полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, 23 қыркүйекте шамамен кешкі сағат 19:00-де автокөлікке мінген Қазақстан азаматы таксимен соқтығысқан. Осыдан кейін ереже бұзушы ізін суытпақ болған, алайда такси жүргізушісі оны ұстап алып, полиция қолына тапсырды. Тергеушілер қазақстандықта жүргізуші көлігі болмағанын анықтаған. Сондай-ақ былтыр қыркүйек айында туристік визамен келген ол Корея Республикасы аумағында заңсыз болған.

Еске салып кетсек, 16 қыркүйекте тағы да бір жерлесіміз 7 жасар баланы көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен еді. Келесі күні ол Өзбекстанға ұшып кетті. Абырой болып, жарақаттанған баланың әкесі оның денсаулығы жақсарғанын хабарлады. Алайда бұл жол апаты елде көп шу көтерді. Осыған байланысты әділет министрі Чо Гук заңсыз мигранттарға қарсы шараларды күшейтуді тапсырған. Сондай-ақ келімсектерді отанына өз еркімен қайтару жүйесін қайта қарастыруды бұйырған. Министрдің тағы да бір нұсқауы – тіркелмеген шетелдіктерге көлік жүргізуге жол бермеу үшін шара қабылдау болды. Әділет министрлігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген 370 мыңнан аса мигрант бар. Бұл елде тұратын бүкіл шетелдіктердің 15%-і.

2015 жылдан бері қазақстандық заңсыз келімсектердің саны 8 есе артқан. Осыдан төрт жыл бұрын, олардың саны 1300-дей болса, биыл шілде айында 10700-ден асып кетті.

Хабар 24 телеарнасы