389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өгей әкесі ұрып тастаған бала қайтыс болды

  • 184
  • UPD: 14:02, 03.10.2019
Алматыда өгей әкесі ұрып тастаған бала қайтыс болды

Алматыда өгей әкесі ұрып тастаған 2 жасар бала ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жантүршігерлік оқиға 23 қыркүйек күні болған еді. Күндізгі 4-терге таман полицияға дәрігерлер 2 жасар баланың ес-түссіз түскені туралы хабар берген. Күдікті ретінде бүлдіршіннің 34 жастағы өгей әкесі ұсталды. Ол әуелі баланың құлап қалғанын айтқан. Бірақ кейін қылмысын мойындады. Ал анасы жұмыста болған. Ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрған. Қазір күдіктінің үстінен Қылмыстық Кодекстің 99-бабы, яғни «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып отыр. Ізін суытпай ұсталған өгей әке уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы