389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда сынып төбесінен сылақ түсіп, оқушы зардап шекті

  • 126
  • UPD: 16:11, 07.10.2019
Нұр-Сұлтанда сынып төбесінен сылақ түсіп, оқушы зардап шекті

Елордадалық мектептің төбесінен сылақ түсіп, бір оқушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға бірінші ауысымда №71 мектеп-лицейде болған. «№71 мектеп-лицейдің үшінші қабатындағы кабинеттің төбесіндегі сылақ пен жарық беретін шам жерге түскен. Салдарынан бір оқушы зардап шекті. Оған №2 қалалық ауруханада тексеру жүргізілді және үйіне қайтарылды. Одан басқа ешкім жапа шеккен жоқ», – делінген басқарманың ресми мәлімдемесінде. Қазір қалалық білім басқармасы төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, кабинетті тексеріп жатыр.

«Оқиғаның себебі тексеруден кейін жарияланады. Мектептің барлық кабинеттеріне техникалық тексеру жүргізіледі. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін барлық білім нысандары тексеріледі», – деп хабарлады қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.

Хабар 24 телеарнасы