388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жаппай төбелеске қатысқан студенттер оқудан шығарылады

  • 124
  • UPD: 11:37, 23.10.2019

Петропавлда жаппай төбелес ұйымдастырған студенттер оқудан қуылады. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Ербол Исақаев мәлімдеді.

Өткен демалыс күндері жоғары оқу орнының 2 және 3-курс студенттері Есіл өзенінің жағасында жанжал шығарған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен полиция қызметкерін көрген жастар тым-тырақай қаша бастаған. Тәртіп сақшылары 40-тан астам студентті ұстады. Олардың басым бөлігі оңтүстіктен солтүстікке «Серпін» бағдарламасымен оқуға келгендер. Қазір аталған дерек «Бұзақылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіміне енгзілді. 

Ербол Исақаев, М. Қозыбаев атындағы  СҚМУ бірінші проректоры:

- Алдын ала болжам бойынша студенттер асханада кезекте тұрып, сөзге келіспей қалған. Кейін мәселені жұдырықпен шешпекші болған. Күні кеше осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды. Төбелесті бастағандар оқудан қуалады. Қалғандарына шара қолданамыз.

Маңғыстау облысында ұлттық мұнай компаниясына еншілес кәсіпорындарды ас-сумен жабдықтайтын мекеменің бас директоры ірі көлемдегі парамен ұсталды. Осы кәсіпорындағы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы да тергеліп жатыр. Олар кенорындарға азық-түлікті жеткізумен айналысатын кәсіпкерден өз қамқорлығына алу үшін үш миллион теңге талап еткен. Күдіктілерге тұтқындау шарасы қолданылған жоқ. Бұған қорғаушылардың сот шақыртуына міндетті түрде келетіні жайлы өтінішхат жазуы себеп. Істің мән-жайы анықталып жатыр. 

Жамбыл облысында қарақұйрықты заңсыз атқан браконьерлер қолға түсті. Сирек кездесетін аңдарға қару кезенуге құмар қаскөйлер бұл жолы Мойынқұм ауданынан ұсталып отыр. Кезекті тексеріске шыққан арнайы күзет қызметкерлері оларға Құрманшейіт тауының төңірегінде кез болған. Табиғат қорғаушыларын көре сала күдіктілер екі мотоциклмен қашып құтылуға ұмтылады. Алайда сақшылар қыр соңдарынан қалмай екі адам мінгескен қос дөңгелекті көліктің біреуін тоқтатты. Тінту кезінде қапқа салынған екі жануардың денесі мен қарақұйрықтың үш басы шықты. Сонымен қатар құжатсыз 12-калибрлі аңшылық қару мен бірнеше оқ тәркіленді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, оқиға орынан қашып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр. 

Қайрат Хасенов, «Андасай» мемлекеттік табиғи қаумалы күзет қызметінің жетекшісі:

- Мойынқұм ауданының ішкі істер бөлімінде 337 баптың 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қызыл кітапқа енген аң ғой бұл жабайы аң. Сондықтан бұл жерде 400 АЕК есепен штраф салынады. Қылмыстық істе бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. 

Атырау облысында бір күнде 11 автокөлік жүргізушінің ішімдік ішкен күйінде көлік тізгіндегені анықталды. Бұл еліміз бойынша жүргізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» шарасының алғашқы күні анықталып отырған келеңсіздік. Сондай-ақ  рейд барысында жол жүру ережесіне қатысты  612 әкімщілік хаттама толтырылған. Оның ішінде ұялы телефомен жол бойы сөйлескен 29 тұлға, қауіпсіздік белдігін тақпаған 69  және жылдамдықты асырған 280 жүргізуші тоқтатылды. Ал 11 жүргізушінің арақ ішкен  күйінде көлік басқарғаны белгілі болды.

Бауыржан Сәрсекенов, жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы:

- Мас күйінде көлік жүргізушілерге хаттама толытырылып, облыстық сотқа жолданады. Соттың шешімімен бірінші жағдай ретінде толтырылса, 3 жыл мерзімге жүргізу куәлігінен айырады.

Ақмола облысында қала көшелерінде тұрғылықты мекенжайы жоқ екі адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, олардың бірі Степногорск қаласында түнде далада қалып қойып, үсіп шалып мерт болған. Ал екіншісінің мәйіті Бурабай ауданының орталығында автобус аялдамасының артынан табылған. 55 жас шамасындағы ер адам жүрек талмасынан қайтыс болыпты. Екеуі де тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар. Жалпы, аймақта күннің күрт суытуына байланысты тәртіп сақшылары қаңғыбастардың жүретін жерлерін тексеріп, оларды арнайы әлеуметтік мекемелерге жеткізуде.

Ардақ Нұрғалиев, әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы:

- Жыл басынан 780 белгілі мекенжайы жоқ тұлға қабылдау-тарату мекемесіне жеткізіліп, олардың 212-сі қамауға алынды. Барлық қамауға алынған тұлғалармен олардың ішінен сот және тергеу органдарынан жасырынып жүрген тұлғаларды анықтау, із-түссіз жоғалған тұлғаларды анықтау бойынша барлығымен жұмыстар жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы